Денис Тен университетке түсті

10 Маусым 2014, 19:48
0
Денис Тен университетке түсті - ©Тengrinews.kz иллюстрациясы
©Тengrinews.kz иллюстрациясы
Денис Тен Қазақ-Британ техникалық университетінің студенті болды. Бұл туралы спортшы твиттердегі өзінің парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
 
Ол "Бүгіннен бастап мен Қазақ-Британ Техникалық Университетінің студентімін. Ура!", - деп жазған. Денис Теннің анасының айтуына қарағанда, ол "Ақпараттық жүйе" мамандығы бойынша оқып, "Сандық медиатехнологияларды" меңгеретін болады. Сондай-ақ оның айтуы бойынша, осы жылы Денис Тен Спорт және туризм академиясының даярлау және біліктілігін арттыру бөлімінде  дайындық факультетін бітірген. Мәнерлеп сырғанаушы 12 маусымда дипломын алады.
 
Еске салайық, Денис Тен Сочидегі Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасының сапында қола жүлдені жеңіп алған жалғыз спортшы. Олимпиададан кейін ол "Құрмет" орденімен марапатталған. Сонымен қатар Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов Дениске  Chevrolet Cruze автокөлігінің кілтін берді. Одан бөлек Денис Тен  "Жыл спортшысы" байқауында "Қарқынды спортшы" номинациясын жеңіп алды. 

 

 

 

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай