25 тамыз 2018 13:49

"Дима, жылама". Қазақстандық жанкүйерлер әсерлі видео жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Индонезияда өтіп жатқан Азиада-2018 жарысында эстафеталық кешенді жүзуден Қазақстан құрамасы қола медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Индонезияда өтіп жатқан Азиада-2018 жарысында эстафеталық кешенді жүзуден Қазақстан құрамасы қола медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Команда сапында Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин, Әділ Қасқабай, Әділбек Мусин және Александр Варакин болды.

Сонымен қатар, Желіде қазақстандық құраманың жеңісті тойлау сәті түсірілген видео пайда болды. 

Қазақстан құрамасының нәтижесі - үш минут, 35 секунд. Алтын медальды Қытай спортшылары (3.29.99) алды. Ал күміс медаль Жапония құрамасына  (3.30.03) кетті.

Жүзуден бұл Қазақстан құрамасы үшін төртінші медаль, барлығы да қола. Осыған дейін Баландин тұғырға екі рет шықты, ал Мусин бір рет. 

Айта кетейік, төрт жыл бұрын Азиада-2014 жарысында Баландин үш алтын медаль алды. 2016 жылы қазақстандық спортшы Олимпиада ойындарында 200 метр қашықтықта алдына жан салмады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети