15 мамыр 2019 15:58

Головкиннің жаңа жаттығу лагері қайда орналасқаны белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) келесі жекпе-жегіне дайындалып жатыр, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) келесі жекпе-жегіне дайындалып жатыр, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Мұның алдында Абель Санчестен кеткен Головкин жаттығу лагерін де ауыстырғаны хабарланған. Қазақстандық Санчестің The Summit залы орналасқан Калифорния штатындағы Big Bear мекенінде қалды, бірақ, басқа орынды таңдады.

ESPN журналисті Стив Ким және Under the Hand Wraps YouTube арнасының авторы Головкиннің жаттығуын барып тамашалады. GGG қазір үш салмақта бұрынғы әлем чемпионы Шейн Мозлидің залында екен.

Головкин келесі кездесуін 8 маусымда Нью-Йоркте Madison Square Garden аренасында канадалық Стив Роллсқа қарсы өткізеді.

Бұл жекпе-жек қазақстандық үшін жаңа бапкер Джонатан Бэнкстің жетекшілігімен және DAZN платформасы аясында дебюттік болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети