23 маусым 2014 18:21

Грек-рим күресіндегі мақтаулы балуандарымыз ел чемпионы бола алмады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ҚР күрес түрлері федерациясының әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды Фото ҚР күрес түрлері федерациясының әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды

Қарағандыда грек-рим күресінен ерлер арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды. Ел біріншілігі аса тартысты өтіп, көпшілікке танымал кейбір балуандарымыз чемпион бола алмай қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Қарағандыда грек-рим күресінен ерлер арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды. Ел біріншілігі аса тартысты өтіп, көпшілікке танымал кейбір балуандарымыз чемпион бола алмай қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Осыдан бірер күн бұрын Павлодарда еркін күрестен ел чемпионатының аяқталғандығын жазғанбыз. Еркін күрес шеберлері арасындағыдай, "классиктер" күресінде де әйгілі балуандарымыз алтынға қол жеткізе алмай, күміс жүлдені қанағат тұтты.

Бұл ретте, бірінші кезекте, Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Даниял Гаджиевтің финалда Азамат Күстібаевтан жеңіліп қалғандығын айтуға болады (80 келі).

Сондай-ақ, 66 келідегі Алмат Кебісбаев та екінші орынмен шектелді. Ол финада Асхат Жаңбыровты жеңе алмады. Белдесу 2:2 есебімен аяқталғанымен, қолданған айла-тәсілінің сапасына қарап, төрешілер жеңісті Жаңбыровқа берді.

85 келідегі Алхазур Оздиев те екінші орынды көңілге медеу тұтты. Ал 75 келідегі Асхат Ділмұхамедов финалға да шыға алмады.

Жалпы, грек-рим күресінен Қарағандыда өткен Қазақстан чемпионатының жеңімпаздар мен жүлдегерлерінің тізімі төмендегідей:

59 келі
1. Мейрамбек Айнағұлов (Ақтөбе обл)
2. Бағлан Жақанша (Алматы)
3. Кұдайберген Тұрсынов (ШҚО), Нұрлан Әлжанов (Қарағанды обл)

66 келі
1. Асхат Жаңбыров (ОҚО)
2. Алмат Кебіспаев (Астана)
3. Нұртай Нұрғалиев (Алматы обл), Нұртас Өтепберген (Ақтөбе обл)

71 келі
1. Демеу Жадыраев (Алматы обл)
2. Мирас Баршалықов (Қостанай обл)
3. Эльдар Қайратов (Астана), Жәнібек Қандыбаев (Жамбыл обл)

75 келі
1. Досжан Кәртіков (Астана)
2. Рашид Кочиев (ОҚО)
3. Асхат Ділмұхамедов (Алматы обл), Марат Қожапас (Алматы)

80 келі
1. Азамат Күстібаев (Астана)
2. Даниял Гаджиев (БҚО)
3. Жасұлан Қошанов (Қарағанды обл), Ілияс Гучигов (Қостанай обл)

85 келі
1. Андрей Самохин (Қарағанды обл)
2. Алхазур Оздиев (Алматы)
3. Саят Сарманбеков (Алматы), Ербол Райымбеков (Астана)

98 келі
1. Жанарбек Қабдолов (СҚО)
2. Илья Насточенко (Атырау обл)
3. Еркін Шәйкенов, Михаил Изотов (екеуі де – Павлодар обл)

130 келі
1. Әбдімәлік Сартбаев (Маңғыстау обл)
2. Есенгелді Жалғасбаев (Қызылорда обл)
3. Талғат Жиентаев (Қостанай обл), Дамир Күзембаев (Алматы обл)

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети