Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Гузель Манюрова – төрт дүркін Азия чемпионы

26 Сәуір 2014, 20:06
0
Сурет confederation.kz сайтынан
Сурет confederation.kz сайтынан

Күрес түрлерінен Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатының төртінші күні Қазақстан балуандары сәтті басталып, бүгін үш спортшымыз финалға шықты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бүгін елорда төріне төселген боз кілемде төрт медаль жиынтығы сарапқа салынып жатыр. Әйелдер күресіндегі соңғы, ең ауыр салмақтағы қыз-келіншектер мен грек-рим күресінің үш салмақ дәрежесіндегі білекті жігіттер боз кілем көрігін қыздырды.

Осыдан бірер минут бұрын ғана әйелдер күресіндегі 75 келі салмақта Гузель Манюрова төртінші рет Азия чемпионы атанды. 2010, 2011 және 2012 жылдары Сарықұрлықта топ жарған Гузель бүгін де алтынмен апталды.

Ол әуелі Өзбекстан қызы Гульмира Исматованы ұтты. Жартылай финалда Үндістан үміті Дж.Джойтиден басым түсті. Финалда қытай қызы Фенг Жоумен өткен тартысты белдесуде 7:6 есебімен жеңіске жетті.

Ал грек-рим күресінен 59 келіде сынға түскен Бағлан Жақанша бірінші айналымда өзімізге жақсы таныс, Өзбекстанның намысын қорғайтын қандасымыз Елмұрат Тасмұратовтан ұтылып қалды. Бірақ Елмұрат финалға шыққандықтан, үшінші орын үшін күресуге мүмкіндік алып, Оңтүстік Корея балуаны Гуйджин Чойды ұтты.

Ал қола жүлде үшін өткен шешуші белдесуде қырғыз Қаныбек Жолчубековке есе жіберіп алды. Бұл салмақта Елмұрат Тасмұратов чемпион атанып, көрермендерді ырза қылды...


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай