28 шілде 2020 12:38

Хабиб карьерасындағы соңғы жекпе-жегін Сен-Пьерге қарсы өткізуі мүмкін - UFC басшысы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Twitter/@bjpenndotcom Фото: Twitter/@bjpenndotcom

Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов карьерасындағы соңғы жекпе-жегін канадалық Жорж Сен-Пьерге қарсы өткізуі мүмкін. Бұл туралы UFC басшысы Дэйна Уайт айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.


Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов карьерасындағы соңғы жекпе-жегін канадалық Жорж Сен-Пьерге қарсы өткізуі мүмкін. Бұл туралы UFC басшысы Дэйна Уайт айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

Нурмагомедов алдағы жекпе-жегінде амирикалық Джастин Гэтжимен жұдырықтасады. 9 мамырда жеңіл салмақта Джастин Тони Фергюсонді мерзімінен бұрын жеңіп, UFC-дің уақытша чемпионы атанған еді. 

Хабиб пен Джастин Гэтжидің кездесуі Әбу-Дабиде қазанда өтеді. Бұл жекпе-жек қыркүйекте өтуі керек болған. Алайда ресейлік спортшының 58 жастағы әкесі Абдулманап Нурмагомедовтің қайтыс болуына байланысты кездесу шегерілген еді. Дэйна Уайт ресейлік спортшының өз-өзіне келуіне уақыт керегін айтып, Нурмагомедовті мазаламайтынын атап өткен.

"Конор (МакГрегор) қарымта кездесуді талап етіп отыр. Ол соңғы жекпе-жектен кейін (2018 жылдың қазаны) онымен қайта жұдырықтасқысы келіп жүр. Бұл кездесуді қалай өткізуді білмеймін. Оны уақыт көрсетеді. Әрине, Сен-Пьермен кездесу ұйымдастырылуы мүмкін. Егер ол Нурмагомедовтің соңғы жекпе-жегі болса. Ол өзін спортта, күресте жақсы жағынан көрсете білді. Маған Хабиб қатты ұнайды. Сондықтан мен ол нені қаласа, соны ұйымдастыруға дайынмын", - дейді Уайт.

Айта кетейік, осыған дейін Нурмагомедов Сен-Пьерге қарсы жұдырықтасқысы келген. 2019 жылдың ақпанында канадалық спортшы карьерасын аяқтайтынын мәлімдеген. Ол тек Хабибпен жекпе-жек ұйымдастырылса ғана шаршы алаңға шығуға дайын екенін айтқан.

Хабиб Нурмагомедов - жеңіл салмақтағы UFC чемпионы. 31 жастағы ресейлік спортшы 28 жекпе-жек өткізіп, оның барлығында жеңіске жеткен.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети