ХОК Беларусьтің екі шенеунігін Олимпиада аккредитациясынан айырды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Кристина Тимановская. Фото ©REUTERS Кристина Тимановская. Фото ©REUTERS

Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) Токио ойындарында Беларусьтің екі бапкерін аккредитациядан айырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) Токио ойындарында Беларусьтің екі бапкерін аккредитациядан айырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.

Елдің Олимпиада комитеті аккредитациясынан айырылғанын Артур Шумак пен Юрий Моисевич ХОК талабы бойынша Олимпиада ауылынан кетіп, жақын арада Минскіге оралатынын айтты.

Беларусь Олимпиада комитеті барлық белорус спортшысы мен бапкерін кез келген мүддені кемсіту түрінен толық қорғайтынын айтты.

"Бұл шара Токиодағы белорус спортшыларының әл-ауқаты үшін қабылданды", - делінген комитет хабарламасында.

Сондай-ақ, бұл шешім Тимановская төңірегіндегі жанжал бойынша ХОК тәртіптік комиссиясының тергеуі аясында қабылданған. ХОК бұл жағдайға Шумак пен Моисевичтің рөлі қандай екенін тексерді.

Айта кетейік, 2 тамызда Тимановская 200 метр қашықтыққа жүгіруден стартқа шығуы керек еді, алайда құрама өкілдері оны жібермей қойған. Таяуда Кристина 4х400 метрлік эстафета құрамасына енгізілгені үшін Беларусьтің спорт шенеуніктерін сынап тастаған еді.

Беларусь Ұлттық олимпиада комитеті Токио Олимпиадасында республиканың жеңіл атлетикадан ұлттық командасының жаттықтырушылар штабы спортшыны үйге қайтару туралы шешім қабылдағанын айтты. Спортшының ойыннан шығарылу себебі оның эмоционалдық және психологиялық жағдайы деп аталды. Тимановскаяның өзі дәрігер оны тексермегенін және жаттықтырушылар штабы айтқан себептерді жалған деп атады.

Кейін Отанына оралудан бас тартқан Белорусь спортшысы Кристина Тимановскаяны Польша қабылдауға дайын екенін жеткізді. Алайда Кристина Тимановская Варшаваға ұшудың орнына кенет бағытын өзгертіп, Венаға ұшып кеткені белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer