1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Спорт

ХОК Олимпиада ойындарына спорттың бес түрін қосуды қолдады 29 шілде 2016, 12:11

2016 жылы өтетін Олимпиада ойындары Рио-де-Жанейрода (Бразилия) 5-21 тамыз аралығында өтеді.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

© olympic.org © olympic.org

Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) Олимпиада ойындарының бағдарламасына спорттың бес түрі - каратэ, серфинг, құзға шығу, скейтбординг пен бейсбол/софтболды қосуды қолдады, - деп хабарлайды Vesti.kz "Спорт-Экспресс" басылымына сілтеме жасап.

Сондай-ақ, спорттың бұл түрлерін 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарының бағдарламасына қосу жоспарланып отыр. Алайда, соңғы шешімді Халықаралық Олимпиада комитеті 3 тамызда айтады.

Айта кетейік, бейсбол 1992-2008 жылдар аралығында, ал софтбол 1996-2008 жылдар аралығында Олимпиада ойындарының бағдарламасында ресми түрде болған екен.

Еске салайық, 2016 жылы өтетін Олимпиада ойындары Рио-де-Жанейрода (Бразилия) 5-21 тамыз аралығында өтеді.