Илья Ильин Ұлыбритания студенттеріне Қазақстан спорты жайлы әңгімелеп берді

27 Наурыз 2015, 11:39
0
Илья Ильин Ұлыбритания студенттеріне Қазақстан спорты жайлы әңгімелеп берді - ©ҚР СІМ баспасөз қызметі
©ҚР СІМ баспасөз қызметі

Лондон қаласындағы Әулие Мария атындағы университетте өткен студенттер арасындағы чемпионатты тамашалау барысында, Илья Ильин Ұлыбритания ауыр атлетика федерациясының атқарушы директоры Эшли Мэткафпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Екі дүркін Олимпиада чемпионы және төрт дүркін әлем чемпионы жарысқа қатысушы британдық студенттермен кездесіп, өзінің жаттығу процесі, алдағы жоспарлары және Қазақстан спортының даму келешегі жөнінде баяндады", - делінген баспасөз хабарламасында.

Сонымен қатар, Илья Ильиннің іс-шара соңында ауыр атлетикадан Ұлыбритания студенттері арасындағы чемпионаттың жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысқаны белгілі болды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай