03 шілде 2022 13:00

Исраэль Адесанья бесінші мәрте чемпиондық белбеуін қорғап қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©UFC ©UFC

Орта салмақта UFC ұйымының чемпионы Исраэль Адесанья (23-1) бесінші мәрте чемпиондық белбеуін қорғап қалды. Ол Лас-Вегас (Невада штаты, АҚШ) қаласында өткен UFC 276 турнирінде жеңіске жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

32 жастағы Жаңа Зеландия өкілінің қарсыласы 38 жастағы америкалық Джаред Каннонир (15-6) болды. Бес раундқа жоспарланған жекпе-жектің қорытындысы бойынша төрешілер 49:46, 49:46, 50:45 есебімен Адесаньяға жеңісті берді. 

Бұл Адесаньяның қатарынан үшінші жеңісі, ал жалпы аралас жекпе-жектегі 23-жеңісі болды. Осылайша чемпион өзінің белбеуін бесінші мәрте сәтті қорғады. Ал Каннонира болса алтыншы рет жеңілді. Ол өз карьерасында тек UFC ұйымында жеңілген. 

Айта кетейік, негізі Каннонир UFC ұйымында ауыр салмақта өнер көрсетіп бастаған. Бірақ кейін жартылай ауыр, сосын орта салмаққа ауысты. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети