22 сәуір 2022 16:24

Жәмилә Бақбергенова егізінің ізімен Азия чемпионы атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©olympic ©olympic

Қазақстандық Жәмилә Бақбергенова карьерасында екінші рет әйелдер күресінен Азия чемпионы атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.


Қазақстандық Жәмилә Бақбергенова карьерасында екінші рет әйелдер күресінен Азия чемпионы атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Былтыр әлем біріншілігінің күміс жүлдегері атанған Бақбергенова 72 келіге дейінгі салмақта төрт қарсыласын жеңді.

Моңғолиядағы сары құрлық додасында жергілікті Даваанасан Энк Амар, өзбекстандық Светлана Окназарова, үндістандық Никки Никки және жапон балуаны Сумир Ниикуралармен белдесіп, бәрінде де басым түсті.

Жәмилә Бақбергенова 2020 жылы Нью-Делидегі Азия чемпионатында да алтын жүлдегер атанған еді. Ал былтыр Алматыда өткен құрлық жарысының финалына дейін жеткен.

Еске салайық, биылғы Азия чемпионатында Жәмиләның сыңары Мадина Бақбергенова да алтын медаль иеленген болатын.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети