04 сәуір 2014 16:08

Жансая Әбдімәлікке ресми түрде халықаралық гроссмейстер атағы берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет Жансаяның әлеуметтік желідегі жеке парақшасынан алынды Сурет Жансаяның әлеуметтік желідегі жеке парақшасынан алынды

Бүгін ҚР шахмат федерациясы сүйінші сұрап, қуанышты ақпарат таратты. Қазақтың қаршадай талантты қызы Жансая Әбдімәлікке ФИДЕ ресми түрде халықаралық гроссмейстер атағын беріпті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Бүгін ҚР шахмат федерациясы сүйінші сұрап, қуанышты ақпарат таратты. Қазақтың қаршадай талантты қызы Жансая Әбдімәлікке ФИДЕ ресми түрде халықаралық гроссмейстер атағын беріпті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

29 наурыздан 1 сәуірге дейін Ресейдің Ханты-Мансы қаласында ФИДЕ-нің (Халықаралық шахмат федерациясының, французша – Fédération Internationale des Échecs, FIDE) президенттік кеңесі өткен. Онда күн тәртібіндегі маңызды мәселелермен бірге халықаралық атақтар тағайындау туралы ұсыныстар да талқыланған.

ФИДЕ президенттік кеңесінің қорытындысы мен шешімі бойынша біршама адамдарға әр түрлі халықаралық атақтар берілген. Олардың арасында Қазақстан шахматшылары мен мамандары да бар. Атап айтқанда Жансая Әбдімәлікке (Алматы) әйелдер арасындағы халықаралық гроссмейстер атағы берілсе, Павел Коцур (Павлодар) халықаралық төреші, ал Евгений Егоров (Павлодар) ФИДЕ төрешісі атанған.

ФИДЕ-нің ресми сайтынан халықаралық атақ алған шахматшылар тізімін біз де қарап шықтық. Онда халықаралық гроссмейстер атағын алған ер-азаматтар саны 11 болса, әйелдер арасында ең жоғары атаққа ие болған тек біздің Жансая екеніне көз жеткіздік.

Алдағы уақытта олардың бәрі тиісті сертификаттары мен төсбелгілерін алады. ҚР шахмат федерациясы бүгін жерлестерімізді құттықтап, жағымды ақпарат таратты. Біз де Жансая Әбдімәлік, Павел Коцур және Евгений Егоров үшеуін шын жүректен құттықтап, 64 тор көзді тақтада толағай табысқа жете берулеріне тілектестігімізді білдіреміз.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети