22 шілде 2022 11:02

Жеңілатлет Нора Джеруто рекорды туралы: Бүкіл Қазақстанның жеңісі

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Reuters ©Reuters

АҚШ-тағы әлем чемпионатында қазақстандық жеңілатлет Нора Джеруто кедергілер арқылы 3000 метрге жүгіруден рекорд орнатып, жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.


АҚШ-тағы әлем чемпионатында қазақстандық жеңілатлет Нора Джеруто кедергілер арқылы 3000 метрге жүгіруден рекорд орнатып, жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Джеруто 8:53.02-де мәреге жетті. Чемпион федерацияның баспасөз қызметіне алдағы жоспарлары туралы айтып берді.

"Әлем чемпионатында жеңіске жеткеніме өте қатты қуанамын әрі бақыттымын! Жаңа Отанымның туы астында өнер көрсету мүмкіндігін күттім. Бүгін мен әлем чемпионатында Қазақстанға ерекше сыйлық жасап, өзімді көрсеткім келді. Қолымнан келді деп ойлаймын", - деді Джеруто.

Қазақстандық бұл қашықтықта тарихтағы үшінші нәтижені көрсетіп, әлем чемпионатында рекорд орнатты. Ол мұндай нәтижеге көп еңбек пен ұзақ дайындықтың арқасында жеткенін айтты.

"Бұл өмірімдегі ең маңызды күндердің бірі болды. Мен бүкіл команданың сенімі мен үмітін ақтадым. Біріншіден, отбасыма және Қазақстанға сенім білдіргені үшін ерекше алғысымды білдіремін. Қазақстандық тарап айтарлықтай қолдау көрсетіп, соңғы бес жылда кедергілерден өтудің техникасы мен әдістемесін үйретті. Бұл осы қашықтыққа дайындықтың маңызды кезеңдерінің бірі. Бүгінгі нәтиже – менің ғана емес, бүкіл Қазақстанның жеңісі. Мен Қазақстандағы жеңіл атлетиканың одан әрі дамуы үшін бар білімімді, тәжірибем мен күш-жігерімді жұмсауға дайынмын", - деп бөлісті ол.

Енді чемпион "Гауһар лигасының" ең беделді кезеңіне дайындалып жатыр. Бойжеткен ол жақта да медаль алудан үмітті.

"Өкінішке қарай, Азия ойындары өтпей қалды, онда мен де еліміздің туын көтеруді жоспарлаған едім. Соған қарамастан, мені алда талай жаңа бастамалар күтіп тұр. Деңгейді түсірмеу үшін барымды саламын", - деп бөлісті Нора Джеруто.

Еске салайық, Кенияның тумасы Джеруто Қазақстанға 2017 жылы көшіп келген. 2022 жылы ол әлем чемпионатында Қазақстан атынан шығуға ресми рұқсат алды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети