22 мамыр 2021 10:06

Қазақ файтерлер UFC турнирінің алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Instagram/ismagulov_damir Фото: Instagram/ismagulov_damir

Ресейлік қазақ файтер Дамир Ысмағұлов (19-1) пен қытайлық қазақ Сайран Нұрданбек (19-6) АҚШ-тағы UFC Vegas 27 турнирінің алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 


Ресейлік қазақ файтер Дамир Ысмағұлов (19-1) пен қытайлық қазақ Сайран Нұрданбек (19-6) АҚШ-тағы UFC Vegas 27 турнирінің алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ысмағұловтың салмағы 70,53 келі, ал оның қарсыласы бразилиялық Рафаэль Алвестің (19-9) салмағы 70,08 келі болды.

Ал Нұрланбек пен оның аустралиялық қарсыласы Джош Кулибаотың (8-1-1) салмағы бірдей болды - 66,22 келі.

Портал мәліметінше, қазақстандық файтерлер бір кардта өнер көрсетеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Vesti.kz - Живи спортом ?? (@vestikzsport)

Оған қоса, ресейлік қазақ боксшы Дамир Ысмағулов пен бразилиялық Рафаэль Алвес жекпе-жек алдындағы көз арбасу рәсімінде бір-бірімен қол алысқан жоқ.

Файтерлер арасындағы жағымсыз қарым-қатынас бразилиялық спортшы әлеуметтік желілерде екі адамның егеуқұйрықты өлтіріп жатқан видеосын жариялағаннан кейін пайда болды. Алвес видеоға Бразилия мен Қазақстан жалауларын қосып қойған. Бұл Ысмағұловқа ұнамады.

"Біз олардың тышқандарды ұстай алатынын көрдік, енді қалай төбелесетінін тексерейік! Бір адам айтқандай: "Сендер ақша үшін күресесіңдер, біз мыңдаған жыл бойы күресіп келеміз", - деп жазды Ысмағұлов Instagram-дағы парақшасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Дамир Исмагулов (@ismagulov_damir)

UFC Vegas 27 турнирінің басты жекпе-жегі жеңіл салмақтағы америкалық Роб Фант (18-4) пен Коди Гарбрандт (12-3) арасында болатыны хабарланды.

Жекпе-жектер жексенбіде, 23 мамырға қараған түні Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өтеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети