29 қаңтар 2019 13:14

Қазақ киберспортшысы бар америкалық команда әлемдік рейтингте бестікке енді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vk.com/adrencs © vk.com/adrencs

Қазақстандық киберспортшы Дәурен AdreN Қыстаубаевтың командасы АҚШ-тың Атланта қаласында өткен ELEAGUE CS:GO Invitational жарысынан кейін әлемдік рейтингте үздік бестікке енді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Қазақстандық киберспортшы Дәурен AdreN Қыстаубаевтың командасы АҚШ-тың Атланта қаласында өткен ELEAGUE CS:GO Invitational жарысынан кейін әлемдік рейтингте үздік бестікке енді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Еліміздің ең мықты геймері жыл басынан бері америкалық FaZe Clan командасының сапында өнер көрсетеді. Ол АҚШ-та iBUYPOWER Masters IV жарысында FaZe Clan сапында бірінші рет өнер көрсетті. Ол кезде олар небәрі бесінші орынды қанағат тұтты. Кейінірек Атлантада жүлде қоры 200 мың доллар болған жарыста Қыстаубаевтың командасы бірінші орынды иеленді. 

Қазіргі уақытта беделді HLTV сайтында қазақстандықтың командасы төртінші орында тұр, олардың алдында Astralis, Team Liquid және Natus Vincere командалары жүлделі орындарды өзара бөліскен. 

Сонымен қатар, Қазақстанның ең мықты командасы AVANGAR осы рейтингтен табылды, олар 17-орында. 

Айта кетейік, Қыстаубаев ресейлік Gambit командасы үшін өнер көрсеткен еді. Өткен жылы ол тағы екі қазақстандық Рустам Тілеповпен және Абай Хасеновпен Major Krakow CS:GO жарысында жеңіске жетті. Қазіргі уақытта ол еліміздің ең танымал әрі табысты киберспортшысы. 

2018 жылы K23 ұлттық құрама сапында Қытаубаев CS:GO ойыны бойынша World Electronic Sports Games әлем біріншілігінің негізгі кезеңіне жолдама алды. Жарыс 2019 жылы наурыздың 10-16 аралығында Қытайдың Чунцине қаласында өтеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети