Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

"Қазақстан барысы" турнирі қай арнадан көрсетіледі

02 Шілде 2015, 08:48
1
©Massaget.kz
©Massaget.kz

4 шілдеде Астанадағы "Сарыарқа" велотрегі кешенінде қазақ күресінен "Қазақстан Барысы" турнирінің 2015 жылғы жеңімпазы анықталады. Қазақстандықтар барлық белдесулерді тікелей эфирде "КazSport" арнасынан тамашалай алады, - деп хабарлайды Massaget.kz басылымы телеарнаның ресми сайтына сілтеме жасап.

Дүбірлі доданы "KAZsport" телеарнасы 4 шілде күні 12:50-ден бастап барлық белдесулерді тікелей эфирде көрсетеді. Сонымен қатар, жарыстың финалдық кездесулері "Қазақстан" ұлттық телеарнасында 17:45-те тікелей эфирде көрсетіледі.

Айта кетейік, 2015 жылғы "Қазақстан барысы" турнирі Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығы мен Конституцияның 20 жылдығына арналып отыр. 4 шілде күні өтетін шешуші кезеңде боз кілемдегі балуандар белдесуінен өзге мерекелерге орай театрландырылған қойылымдар қойылады. Сонымен қатар, танымал тұлғаларды да қонақ ретінде шақырмақ. Жиналған жанкүйерлер арасында ұтысқа автомобиль ойнатылады.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай