08 тамыз 2022 09:07

Қазақстан Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында үздік үштікке енді

Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Lana Chess Photography Фото Lana Chess Photography

Үндістанның Ченнай қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында Қазақстан әйелдер құрамасы үшінші орынға көтерілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.


Үндістанның Ченнай қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында Қазақстан әйелдер құрамасы үшінші орынға көтерілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.

Құрама тоғызыншы турда Болгарияны 3:1 есебімен жеңгеннен кейін үшінші орынға шыққан. Жансая Әбдімәлік пен Гүлісхан Нахбаева жеңіске жетсе, Бибісара Асаубаева мен Ксения Балабаева тең түсті. Қазір командада жеті жеңіс бар. Бұған дейін қазақстандық әйелдер құрамасы турнир кестесінде алтыншы орында еді.

Ерлер құрамасы Сербиядан жеңілді - 1:3. Мұртас Қажғалеев пен Арыстанбек Оразаев тең түссе, Ринат Жұмабаев пен Әлішер Сүлейменов жеңілді. Қазақстан үшін бұл қатарынан екінші және турнирдегі үшінші жеңілісі. Кездесу алдында қазақ шахматшылары 12-орында болды. Қазір олар 25-орынға түсіп қалды.

Тоғызыншы турдан кейін әйелдер құрамасы арасында турнирлік кестеде бірінші орында Польша, ал Үндістан екінші орында. Ерлер құрамасы арасында біріншілік Өзбекстанға тиесілі болса, Үндістан екінші, Армения үшінші орында.

8 тамызда Қазақстан әйелдер құрамасы олимпиада қожайындары - Үндістанмен ойнайды. Ерлер құрамасы 27-орындағы Хорватиямен ойнайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети