17 қараша 2020 18:30

"Қазақстанда бәрі сатылады": Илья Ильин волейболшыға қолдау көрсетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин спортшы Алеся Сафронованың жағдайына байланысты волейбол федерациясының басшылығына жүгінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин спортшы Алеся Сафронованың жағдайына байланысты волейбол федерациясының басшылығына жүгінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұл жазбада мен әйелдер волейболында болып жатқан жағдай туралы айтқым келеді. Спортшы камераға ойындар әділ өтпейтінін және төрешілер қарсылас команданың жеңуіне көмектесті деп айтты. Ол кешірім сұрады. Ол ешкімді кінәлағысы келмейтінін және эмоциямен болғанын айтты.

Мен өзімнің атымнан айтқым келетіні. Айтты. Кешірім сұрады. Ескерту жасап, бір ойынға уақытша шеттетіңіздер, болды, ұмытылсын! Спортшыға қысым жасаудың не керегі бар? Спорт дегеніміз - эмоция. Федерация өкілдері, осындай жағдайларда адамның ішінде не болатынын түсінуіңіз керек қой? Сіздерден бұл мәселені қалыпты түрде шешуді сұраймын. Бір ойынға, екі ойынға шеттетіңіздер. Барлық спортшыға камераға сөйлеу кезінде мұқият болу керегі түсінікті болады!", - деп жазды Ильин. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Илья Ильин (@ilyailyinforever)

Волейболшы Алеся Сафронова "Қазақстанда бәрі сатылады" деген сөзі үшін Қазақстан чемпионатының туры аяқталғанға дейін шеттетілген еді. Бұл сөзді әйелдер арасындағы "Жетісу" волейбол клубының спортшысы 12 қарашада "Алтайға" қарсы ойынның үзілісінде айтқан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kaztwitter Kazakhstan (@kaztwitter)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети