05 тамыз 2014 16:39

Қазақстанда доп шығаратын зауыт ашылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

tengrinews © tengrinews ©

Қазақстанда доп шығаратын зауыт ашу жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Тастанбек Есентаевқа сілтеме жасап. 


Қазақстанда доп шығаратын зауыт ашу жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Тастанбек Есентаевқа сілтеме жасап. 

"Үстіміздегі жылы қазақстандық KazSportTechnology компаниясы доп шығаратын зауыт ашады. Бұл жобаға салынатын жалпы инвестиция көлемі шамамен 130 миллион АҚШ доллар болады", - деді Есентаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен "Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында берілген тапсырмалардың орындалуы" деген тақырыпқа арналған брифингте. 

"Елімізде спорт инфрақұрылымдарын дамыту жөнінде көптеген жұмыс атқарылып келеді. Бюджетке түзетулер енгізілгеннен кейін Қазақстанның жеті аймағында 16 сауықтыру және дене шынықтыру кешенінің құрылысы басталды. Одан бөлек, конфедерацияның қаржысына Семей және Түркістанда екі сауықтыру кешені салынды. Астанада жекпе-жектерге арналған спорт кешені салынып жатыр. Сондай-ақ Астанада олимпиадалық резерв мектебін салу үшін Бахрейн инвесторларымен келіссөздер жүргізілуде. Ал түркиялық комапниямен елімізде спорттық велосипед шығаратын шағын зауыт салу жоспарланса, "Наргиз-Холдинг" компаниясымен тау шаңғысына арналған заттар шығару туралы келісім жасап жатырмыз", - дейді ол. 

Еске салайық, 2013 жылдың маусым айында сол кездегі Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Ерлан Қожағапанов Үдемелі индустриялық-инновациалық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында елімізде шайба, велосипед, хоккей ойынына арналған таяқшалар шығаруды ұсынған еді.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети