14 сәуір 2020 09:37

Қазақстанда жоспарланған UFC турнирі өтпеуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото mmajunkie сайтынан Фото mmajunkie сайтынан

Ресейлік Петр Ян (14-1) мен бразилиялық Марлон Мораес (23-6-1) жекпе-жегі жеке аралға ауыстырылды. Бұл туралы бразилиялық файтер Instagram желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Ресейлік Петр Ян (14-1) мен бразилиялық Марлон Мораес (23-6-1) жекпе-жегі жеке аралға ауыстырылды. Бұл туралы бразилиялық файтер Instagram желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ян мен Мораес кездесуі жеке аралда өтпек, оны UFC турнирін өткізуге қажетті құрылғылармен жабдықтайды. 

"Аралдың қайда екенін және оған қалай жететінімді білемін. Бәрі рас, таяуда жаңалықтар шығады. Жекпе-жек өтеді, UFC бәрін дұрыс істейді деп сенеміз", - деп жазды Мораес. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ? Magic Marlon Moraes (@mmarlonmoraes)

Еске салайық, Ян мен Мораес 13 маусымда Қазақстанда өтеді деп жоспарланған UFC турнирінде кездесуі керек болатын. Ұйым өкілдері Қазақстандағы турнирді ауыстыру туралы әлі ештеңе мәлімдемеді. 

Бұған дейін UFC президенті Дана Уайт ұйымның жұмысы "төбелес аралында" болатынын, ондағы жекпе-жектер мамырдан бастап өткізілетінін айтқан еді. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети