03 қараша 2014 09:06

Қазақстанда Олимпиада өткізу гей-шерулермен байланыстырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Strategy2050.kz ©Strategy2050.kz

Қазақстанда қысқы Олимпиада-2022 өткізуді қолдаушылар гей-шерулердің өтіп тұруына қарсы болмауы мүмкін. Мұндай болжамды "Мегаполис" газеті Халықаралық олимпиада комитетінің бастамасын талдай отырып жасады.


Қазақстанда қысқы Олимпиада-2022 өткізуді қолдаушылар гей-шерулердің өтіп тұруына қарсы болмауы мүмкін. Мұндай болжамды "Мегаполис" газеті Халықаралық олимпиада комитетінің бастамасын талдай отырып жасады.

Басылымның пікірінше, Халықаралық олимпиада комитеті Олимпиада өткізуге үміткер қалалар - Алматы мен Бейжің үшін жасаған келісімшартқа түзетулер енгізді. Бұл түзетулер адам құқықтарын сақтауға қатысты.  

HumanRightsWatch құқық қорғау ұйымы өкілінің пікірінше, олимпиада ойындарын алда қабылдайтын қала Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт пен адамның негізгі бостандығы туралы халықаралық заңдарды сақтауы керек.    

Газеттің мәліметінше, ешкімге зияны жоқ бұл түзету бұған дейін Сочидегі Олимпиада-2014 өткізілгеннен кейін ХОК-тың жасаған сынынан соң қабылданды. Сын Ресейде сексуалдық азшылық құқықтарының бұзылып жатқанына қатысты айтылды. Дәлел ретінде балаларды гей-шеруден қорғау туралы ресейлік заң келтірілді.

Құқық қорғау органдары Олимпиадалық комитеттің түзетулерін аса құлшыныспен қабылдады. "AllOut" атқарушы директоры Андре Бэнкс "бұл үміткер қалаларға лесбиянка, гей, трансгендер мен бисексуалдардың құқығы бұзылып жатса, оған көз жұмып қаралмайтынынан анық белгі беретінін" мәлімдеді.

Қазақстанда балаларды гей-насихаттан қорғау туралы Ресейдегіге ұқсас заңның қабылдануы керектігі жайлы қызу талқы болғанын ескерсек, Халықаралық олимпиада комитетінің түзетулері осыған орай енгізіліп отырғандай. "Жағдайды асқындырып, абсурдқа жеткізіп, болжам жасау ғана қалады. Олимпиаданы Қазақстанда өткізуді қолдайтындар біздің елде гей-шерулер өткізілуіне де қарсы емес сияқты. Себебі егер бұған тыйым салынатын болса - бұл ХОК көзіне "адамның негізгі бостандығы мен құқығының бұзылуы" болып көрінеді. Қытайда сексуалдық азшылықтың құқықтары нашар жағдайда екендігін есепке алсақ, қысқы Олимпиада Қазақстанда болмай қоймайтын сияқты", - делінген басылымда.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети