19 маусым 2019 12:58

Қазақстандық балуан: Менің салмағымда бәсекелестік жоғары

ПОДЕЛИТЬСЯ

© olympic.kz © olympic.kz

Еркін күрестен Азия чемпионы, Азия ойындарының күміс жүлдегері Данияр Қайсанов ұлттық құрама сапында Алматы облысындағы оқу-жаттығу жиынына қатысып жатыр. Команда үздіктерінің бірі Қайсанов өз жеріміздегі әлем чемпионаты қарсаңында басты мақсаттарды атады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Еркін күрестен Азия чемпионы, Азия ойындарының күміс жүлдегері Данияр Қайсанов ұлттық құрама сапында Алматы облысындағы оқу-жаттығу жиынына қатысып жатыр. Команда үздіктерінің бірі Қайсанов өз жеріміздегі әлем чемпионаты қарсаңында басты мақсаттарды атады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бұл күндері еркін күрестен команда сапында екі апталық оқу-жаттығу жиыны өтіп жатыр. Құрама мүшелері толығымен жиналдық. Ал осы айдың соңында Ресейдің Кисловодск қаласында Белоруссия командасымен бірлескен оқу-жаттығу жиыны жоспарланған. Сол жерде жалпы дайындықты пысықтайтын боламыз. Өз жеріміздегі әлем чемпионатына келер болсам, жеке өзімде айтарлықтай қобалжу жоқ. Үлкен спортта жүрген соң, қайда күрессек те біздегі мақсат жалғыз. Нұр-Сұлтандағы додада кем дегенде лицензияға қол жеткізу керек. Ал финалда күресіп, алтын медаль тағынуды барлық балуан армандайды. Оның ішінде мен де бармын", - дейді балуан. 

Оның айтуынша, осы салмақта бәсекелестік жоғары екен.

"Өз елімізде Болат Сақаев, Нұрлан Бекжанов сынды талантты балуандар бар. Бекжанов әлем чемпионатының жүлдегері, Конфедерация кубогінің финалында оған есе жібергенмін. Бірақ Бекжанов 70 келі салмаққа ауысты деп естідім. Әлемде мен белдесетін 74 келі салмақ нөмірі бірінші саналады. Себебі, кіл мықтылар тап осы салмаққа жиналған. Әлемнің төрт дүркін чемпионы, Олимпиада чемпионы Джордан Барроуз, әлемнің әрі Еуропаның екі дүркін жеңімпазы Франк Чамисо, Азия ойындарында екі мәрте топ жарған Бекзод Абдурахмоновтардың атағынан ат үркеді. Десе де, мен де бар күшімді салатыным сөзсіз. Бұл үлкен спорт. Сондықтан, бабында тұрған кез-келген балуан топ жаруы мүмкін", - дейді Данияр. 

Сондай-ақ, ол ұлттық құрамадағы жігіттердің көңіл-күйіне тоқталды.

"Бапкерлермен өзара түсінісіп, жаттығу жүргізудеміз. Жақында Минскіде бірлескен жиын өтті. Бірақ тобығымды жарақаттап алғаныма байланысты ертерек қайтуыма тура келді. Қазір жарақаттан айықтым, дайындық жалғасады", - деп түйіндеді спортшы. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети