Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева халықаралық турнирде жеңімпаз атанды

16 Қазан 2015, 12:47
0
Элизабет Тұрсынбаева
Элизабет Тұрсынбаева

Қазақстандық 15 жастағы мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева ересектер арасында өткен халықаралық Skate Canada Autumn Classic турнирінде жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Турнир Канаданың Барри қаласында өтті. Қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша Тұрсынбаева екінші орынды алды, дегенмен еркін бағдарламада спортшы бірінші орынға шығып, турнирдің жеңімпазы атанды. Жалпы қорытынды бойынша ол 179,72 балл жинады. Бұл оның мансабындағы ең ірі жеңіс болып отыр.

Екінші орын Жапония спортшысы Харуке Имаиге (174,89 балл) бұйырды. Үшінші орында АҚШ спортшысы Энджела Ванг (172,36 балл) тұр.

Айта кетейік, Тұрсынбаеваны канадалық маман Брайан Орсер жаттықтырып жүр. Ерлер арасындағы сында да Орсердің шәкірті Юдзур Хань жеңімпаз атанды. Жапониялық спортшы 2014 жылы олимпиада чемпионы атанған болатын.

Еске сала кетейік, Тұрсынбаева қыркүйекте өткен халықаралық Солт-Лейке-Сити турнирінде екінші орын алған болатын.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай