23 ақпан 2020 15:27

Қазақстандық спортшы гимнастикадан әлем кубогі кезеңінің күміс жүлдегері атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© olympic.kz © olympic.kz

Аустралияның Мельбурн қаласында спорттық гимнастикадан өтіп жатқан әлем кубогі кезеңінде қазақстандық Милад Карими күміс жүлдегер атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Карими гимнастикалық керме бойынша жаттығуын сәтті аяқтап, жүлдегерлер қатарынан көрінді. Сондай-ақ, ол қол тіреп секіруде 4-ші, қоссырықта 7-орын алды. 

Аталған жүлде Милад Каримидің әлем кубогі кезеңіндегі екінші медалі. Кеше еркін жаттығуда ол 14.200 ұпаймен қолаға қол жеткізген болатын.

Айта кетейік, Милад Карими 2019 жылғы әлем чемпионатында көпсайыстан Токио Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети