28 наурыз 2017 16:46

Қазақстандық спортшы қарсыласын атақты "Крокоптың" мәнерінде нокаутқа түсірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Sports.ru © Sports.ru

Аралас жекпе-жек бойынша өнер көрсетіп жүрген қазақстандық спортшы Николай Веретенников төртінші жеңісіне  қол жеткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі. 


Аралас жекпе-жек бойынша өнер көрсетіп жүрген қазақстандық спортшы Николай Веретенников төртінші жеңісіне  қол жеткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі. 

АҚШ-тың Хьюстон қаласында өткен Legacy Fighting Alliance 7 турнирінде қазақстандық спортшы қарсыласы Кловис Хэнкокты сол аяғымен теуіп құлатты. Америкалық спортшы нокаутқа түсті. 

Бұл соққыдан кейін Веретенниковты Sports.ru порталы әйгілі Мирко "Крокоп" Филиповичпен салыстырды.

Бұл 26 жастағы қазақстандық спортшының төртінші жеңісі (екеуін нокаутпен ұтқан) және оның екі жеңілісі бар. Ал оның қарсыласы 30 жастағы Хэнкок екі рет ұтып, екінші мәрте жеңіліске ұшырап отыр. 

Бұл жекпе-жек Веретенников үшін амрикалық Legacy Fighting Alliancе промоушені аясында алғашқы болып отыр. 

Веретенников жауынгерлік самбодан Қазақстан және әлем чемпионы, ушу саньда жекпе-жегінен еліміздің чемпионы. 2015 жылы ол АҚШ-та кәсіпқой бокс ережелері бойынша қолғап түйістіріп, үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жеткен. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети