02 қыркүйек 2021 09:12

Қазақстанның алғашқы Паралимпиада чемпионы Токиода финалға шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©zimbio.com Фото ©zimbio.com

Қазақстан тарихындағы алғашқы Паралимпиада чемпионы Зүлфия Ғабидуллина Токиодағы Паралимпиада ойындарында 50 метрге еркін мәнерде (S4) жүзу жарысында финалға шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ғабидуллина қашықтықты 44,57 секундта жүзіп өтіп, өз тобында төртінші орын алды. Бұл финалға шығуына мүмкіндік берді. 

Финал бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен 16:38-де басталады. 

Еске салайық, Ғабидуллина 2016 жылғы Рио Паралимпиадасы мен 2018 жылғы Пара Азия ойындарында алтын медаль алған болатын. 

Айта кетейік, Токиодағы Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына бес медаль түскен. Давид Дегтярев (пауэрлифтинг) алтын медаль алса, дзюдошылар Әнуар Сариев, Теміржан Дәулет пен Зарина Байбатина күміс жүлдегер атанған. Ал кеше жүзгіш Нұрдәулет Жұмағали қола медаль таққан болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети