Қазақстанның ең бай спортшылары белгілі болды

24 Тамыз 2016, 16:56
3
Қазақстанның ең бай спортшылары белгілі болды - © Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

Тoprichests.com басылымы әлемдегі ең бай адамдардың тізімін жасай отырып, Қазақстандағы ең бай он спортшының тізімін жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Тізімге сәйкес, Қазақстандағы ең бай спортшы кәсіби боксшы Геннадий Головкин болып шықты. Оның байлығы 8,5 миллион долларға бағаланып отыр.

Ал тізімнің екінші орнында бұрынғы боксшы Василий Жиров тұр. 1996 жылы өткен Олимпиада ойындары чемпионының байлығы шамамен 8,1 миллион доллар екен.

Тізімнің үшінші орнында бұрынғы хоккейші Николай Антропов тұрақтады. Оның байлығы 7,6 миллион долларға бағаланды.

Ал футболдан Қазақстан құрамасы мен "Ордабасы" командасының капитаны Самат Смаков (7,5 миллион доллар) тізімде төртінші болып тұрса, Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев (6,9 миллион доллар) бесінші болып тұр. Сондай-ақ, рейтингтегі алтыншы және жетінші орындарда теннисшілер Ярослава Шведова (5 миллион доллар) мен Галина Воскобоева (4,3 миллион доллар), сегізінші орында хоккейден Қазақстан құрамасының қақпашысы Виталий Колесник (3,5 миллион доллар), тоғызыншы және оныншы орындарда бұрынғы футбол ойыншылары  Андрей Карпович (3,3 миллион доллар) пен Руслан Балтиев (2,8 миллион доллар) тұр.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (3)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай