Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Келешегінен үміт күттіретін қазақстандық 13 үздік спортшы анықталды

11 Желтоқсан 2014, 17:42
0
Бибісара Асаубаева. ©astana.gov.kz
Бибісара Асаубаева. ©astana.gov.kz

Vesti.kz  келешегінен үлкен үміт күттіретін жас спортшылардың ең үздік 13-ін анықтады. Рейтингтің алғашқы орнына жас шахматшы Бибісара Асаубаева шығып отыр. Басылым бұл тізімзге енген спортшылардың Қазақстан мен әлем спортының аса танымал жұлдыздарына айналатынына сенім білдіреді.

Бибісара Асаубаева, 10 жаста (шахматшы)

Қыздар арасында әлемнің бірнеше мәрте чемпионы, 12 жасқа дейінгі қыздардың Азия чемпионатында биыл екінші орынды иеленді, ал өзімен жасты шахматшылар арасында да қосымша көрсеткіштерге бола екінші орында тұр. Шахматшы қыз ересектер арасында болған жарыста да сәтті өнер көрсетті. Жазда Абу-Даби Шейхының Кубогында 14 жасқа дейінгі ұл балалармен жарысып, жеңіп шықты, одан кейін еркектер арасындағы турнирге қатысып 2000 рейтингпен жеңіске жетті.

Элизабет Тұрсынбаева, 14 жаста (мәнерлеп сырғанау)

Тұрсынбаеваға артылған үміт орасан зор. Себебі ұзақ уақыт бойы, әртүрлі себептермен Қазақстанда бәсеке қабілетті мәнерлеп сырғанаудан ешкім болған жоқ. Бірақ бұл салаға Тұрсынбаева келгелі бері, мәселе шешімін тапты деуге болады, - делінген жарияланымда. Элизабет биыл бірнеше халықаралық жарыста жеңіске жетіп, жасөспірімдер арасында гран-приді иеленді. Спортшы қызбен атақты канадалық маман, кезінде корей қызы Ю На Кимді Олимпиада чемпионы қылған Брайан Орсер жұмыс істеп жатыр.

Әлия Асымова, 17 жас және Сабина Әшірбаева, 16 жас (көркем гимнастика)

Асымова әлем чемпионатында ең мықты 40 спортшының қатарына еніп, Әлем кубогына екі бірдей квотаны жеңіп алды, ал Әшірбаева Инчхонда өткен Азия ойындарында құрамаға қолғабыс етті. Нәтижесінде екі спортшы қыз да Азиаданың қола медалін иемденді.

Болашағынан үлкен үміт күттіріп отырған жас спортшылардың қатарында боксшы Абылайхан Жүсіпов, дзюдодан Бауыржан Жауынтаевтар бар. Өзге де үздік спортшылар жайлы толығырақ мына жерден оқи аласыздар.  


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай