13 қыркүйек 2021 15:57

Конор МакГрегор MTV премиясында Меган Фокстың жігітіне шабуыл жасады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Нью-Йоркте MTV Video Music Awards марапаттау рәсімінде жанжал шықты. Аралас жекпе-жек файтері Конор МакГрегор Голливуд актрисасы Меган Фокстың сүйіктісі, рэпер Machine Gun Kelly-ге шабуыл жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нью-Йоркте MTV Video Music Awards марапаттау рәсімінде жанжал шықты. Аралас жекпе-жек файтері Конор МакГрегор Голливуд актрисасы Меган Фокстың сүйіктісі, рэпер Machine Gun Kelly-ге шабуыл жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға шара басталар алдында болған. Жұлдыздар мен қонақтар дәстүрлі түрде қызыл кілем үстімен жүріп өткен. Актриса Меган Фокс пен рэпер Machine Gun Kelly суретке түсуге келгенде, оларға МакГрегор шабуыл жасаған.

TMZ мәліметінше, МакГрегор бастапқыда рэперге қол алысу үшін жақындаған. Алайда Machine Gun Kelly  күзетшілеріне сыбырлап бірдеңе айтқан, кейін олар ирландиялықты итеріп жіберген. Бұған ренжіген спортшы рэперге стақан лақтырып, жанжал шығарады. Бірақ оны күзет қызметі уақытында тоқтатқан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от MACFLIX ™ (@macflix_mma)

МакГрегордың өзі бұл қауесетті жоққа шығарды және ештеңе болмағанын мәлімдеді.

"Түсініп тұрған жоқпын. Өзім жаңа ғана жақындадым. Шынымды айтсам, ол жігітті танымаймын да. Бұл жай ғана қауесет. Маған ештеңе болған жоқ. Мен тек нағыз файтерлермен ғана күресемін. Қалай күресуді білетін адамдармен. Кішкентай рэперлермен жекпе-жекке шықпаймын. Мен ол жігіт туралы ештеңе білмеймін, тек Меган Фокспен келгенін ғана", - деп бөлісті спортшы.

Шарада Конор МакГрегордың мінез-құлқы ғана емес, сонымен қатар Меган Фокстың киімі де көпшілікті таңдандырған. Актриса қызыл кілемге жұқа матадан тігілген ұзын көйлекпен шықты, оның денесі толық көрініп тұр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Megan Fox (@meganfox)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети