Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Қырғыз зілтеміршісі екі жылға спорттан қуылуы мүмкін

22 Сәуір 2014, 15:25
0
Жаңыл Оқаева (ортасында). Сурет: confederation.kz
Жаңыл Оқаева (ортасында). Сурет: confederation.kz

Ауыр атлетикадан Талдықорғанда өтіп жатқан Қазақстанның ашық чемпионатында топ жарған қырғыз спортшысы Жаңыл Оқаева допинг-сынақтан өтуден бас тартқаны үшін екі жылға спорттан қуылуы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz

Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттіктің заңы бойынша "спортшының допинг-сынақтан бас тартуы немесе сынақтың қорытындыларын бұрмалауы "допипг қолданды" дегенмен тең келеді". Сол үшін Оқаева енді екі жылға спорттан шеттетілуі мүмкін.

Еске салайық, Оқаева Талдықорғанда өтіп жатқан ауыр атлетикадан Қазақстанның ашық чемпионатында 48 келіде топ жарған еді. Бірақ марапаттау рәсімінен соң спортшының бас бапкері шәкіртін допинг-сынақтан өтуге жібермей қойған. Сондықтан да енді оған берілген алтын жүлде мен 250 мың теңгенің сертификаты қайтарылды. Осыған орай, жүлделі орындар екінші, үшінші және төртінші орын алған ауыратлет аруларға беріліп, олар бір сатыдан жоғарылатылған.

Қазақстанның ашық чемпионаты. Әйелдер. 48 келі
1. Галина Момотова – 145 келі (65+80)
2. Марина Кокошко – 129 келі (56+73)
3. Гүлдария Сәткен – 75 келі (35+40)

Айта кетейік, 2013 жылдың қорытындысы бойынша 12 қазақстандық зілтемірші допинг дауына ілігіп, екі жылға спорттан қуылған. Мұндай жағдайдан кейін Қазақстан ауыр атлетика федерациясының басшылары ауысқан болатын.

 

 

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай