18 қыркүйек 2021 09:32

Қырғызстандық Валентина Шевченко Хабибтің жекпе-жектегі қыздар туралы сөзіне пікір білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram/bulletvalentina © instagram/bulletvalentina

Жеңіл салмақта UFC чемпионы қырғызстандық Валентина Шевченко ұйымның экс-чемпионы Хабиб Нурмагомедовтың жекпе-жектегі қыздар туралы айтқан сөзіне пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lenta.Ru басылымына сілтеме жасап.


Жеңіл салмақта UFC чемпионы қырғызстандық Валентина Шевченко ұйымның экс-чемпионы Хабиб Нурмагомедовтың жекпе-жектегі қыздар туралы айтқан сөзіне пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lenta.Ru басылымына сілтеме жасап.

"Олардың (қыздар) ММА-ға ешқандай қатысы жоқ деп айтуы таңғаларлық. Олар ең алғашқы турнирлерде болды. Шын мәнінде, олар да осы саладағы табыстың бір бөлігі. Қараңыз, қыздарсыз, жанкүйерлерсіз - турнир қызықсыз болар еді. Мұның бәрі бір картинаны құрайды. Сондықтан, бұл туралы әңгіме болуы мүмкін емес. Рингтегі қыздар - кіші болсын, үлкен болсын промоушендегі жекпе-жектердің ажырамас бөлігі", - деді Шевченко.

Тамызда Хабиб Нурмагомедов баспасөз мәслихатында рингтегі қыздар "жекпе-жектегі ең қажетсізі" екенін айтқан. Ресейлік спортшының сөзі бұқаралық ақпарат құралдарында үлкен резонанс тудырды. Хабибтің бұл сөзін оның бұрынғы қарсыласы ирландиялық Конор МакГрегор де мазақ етті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети