25 сәуір 2022 17:05

Медаль толы жарыс. Күрестен Азия чемпионатындағы ең маңызды 5 сәт

ПОДЕЛИТЬСЯ

©uww.org ©uww.org

Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда күрестен Азия чемпионаты мәресіне жетті. Бұл қазақстандық балуандар үшін медаль толы жарыс болды, бірқатар рекорд орнатылды. Tengrinews.kz тілшісі күрестен Азия чемпионатындағы маңызды 5 оқиға туралы жазады.


Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда күрестен Азия чемпионаты мәресіне жетті. Бұл қазақстандық балуандар үшін медаль толы жарыс болды, бірқатар рекорд орнатылды. Tengrinews.kz тілшісі күрестен Азия чемпионатындағы маңызды 5 оқиға туралы жазады.

Медаль толы жарыс

Құрлық жарысына биыл ел құрамасы 30 балуан (грек-рим күресі - 10, еркін күрес - 10, әйелдер күресі - 10) алып барды. Оның 21-і елге медальмен оралды. Бес спортшымыз Азия чемпионы атанса, сегізі - қола, қалған сегізі күміс жүлде иеленді. 

Грек-римде Мейіржан Шермаханбет пен Әлімхан Сыздықов, еркін күресте Азамат Дәулетбеков, ал әйелдер күресінде Жәмила мен Мадина Бақбергеновалар алтын медаль жеңіп алды. 

©uww.org

Аманғали Бекболатов, Мейрамбек Айнағұлов, Абылайхан Әмзеев, Мақсат Ережепов пен Диас Қален (бәрі де - грек-рим), Рахат Қалжан, Нұрқожа Қайпанов пен Әлішер Ерғали (еркін күрес) Моңғолиядан күміс медальмен оралды. 

Ернұр Фидахметов пен Нұрсұлтан Тұрсынов (грек-рим), Ақбар Құрбанов, Сырбаз Талғат, Әділет Дәулімбаев және Мамед Ибрагимов (еркін күрес), Жұлдыз Ешімова мен Гүлмарал Еркебаева (әйелдер күресі) қола медаль тақты. 

Күрестің үш түрі бойынша жалпыкомандалық есепте Қазақстан үшінші орын алды. Біздің балуандар тек Жапония мен Ираннан артта қалды.  

Бірқатар рекорд орнады

Осылайша, қазақстандықтардың 21 жүлдесі ел күресі тарихындағы рекорд саналады. Медаль саны бойынша бұған дейінгі рекорд 2020 жылы тіркелген. Сол жылы Үндістанда қазақстандық балуандар 19 медаль жеңіп алған болатын. 

Сонымен қатар, бір құрлықтағы күміс жүлделер саны бойынша да рекорд орнатылды. Қазақстан бұған дейін күрестен Азия біріншілігінде сегіз "күміс" алып көрмеген. 

Одан бөлек, Моңғолиядағы "алтынсыз" чемпионат тоқтатылды. Себебі Қазақстан күрестен Моңғолиядағы Азия чемпионаттарында бұрын "алтын" еншілей алмай жүрген еді. 1993 жылы ел тарихындағы алғашқы құрлықтық жарыс Моңғолияда өтіп, балуандарымыз алтын медаль ала алмаған болатын. Кейін 2001 жылы да Моңғолиядан "алтынсыз" оралған едік.

Енді Қазақстан қатысып, алтын медаль ала алмаған жалғыз мемлекет қалды, бұл - Оңтүстік Корея. 

Тағы бір рекордшы деп Жұлдыз Ешімованы айтуға болады. 34 жастағы балуанымыз Азия чемпионатында сегізінші рет жүлдегер атанып отыр. Бұған дейін ол құрлықтық жарыстарда бір алтын, төрт күміс және екі қола медаль иеленген еді. 

©Olympic.kz

Бір үйден екі чемпион

Бір отбасынан екі бірдей Азия чемпионы шықты. Биыл Моңғолияға Жәмила мен Мадина Бақбергеновалар аттанды. Егіздің екеуі де елге алтын медальмен оралды. Мадина 68 келіге дейінгі салмақта финалда қырғызстандық Мээрим Жұманазарованы жеңді.

Артынша жарыс жолына 72 келідегі Жәмила шығып, сыңарының жетістігін қайталады. Осылайша, бір үйден барып, екі алтын медаль алып қайтқан олар тарихта қалып отыр. 

Әйелдер күресінде Қазақстанға алтын жүлде сыйлаған осы екі балуанымыз ғана.  

©instagram.com/unitedworldwrestling/

Желіні тәнті еткен Еркебаева

Желіде қазақстандық балуанның әрекеті қызу талқыланды. Турнирде қола медаль алған Гүлмарал Еркебаева жарыстан соң қарсыласына көмектесіп, Желі қолданушыларын тәнті етті. 

Еркебаева қырғызстандық Айсұлу Тыныбековаға қонақүйде нөміріне дейін жетуге көмектесті. Тыныбекова финалда жарақат алып, марапаттауға қатыса алмаған еді. 

"Әлеуметтік желі қолданушылары жүздеген жылы пікір жазып жатыр. Көбі спорт адамдарды біріктіріп, халықтар арасындағы достықты нығайтатынын айтады", - деп жазады Sputnik Қырғызстан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPORT KAZAKHSTAN🏆 🇰🇿 (@wrestling_qazaqstan)

Тоғыз ұпай айырмашылығымен жеңіліп жатып, жеңіске жетті

Осы Азия чемпионатындағы тағы бір ерлікті айта кеткен жөн. 92 келіге дейінгі салмақта Әділет Дәулімбаев жұбаныш жекпе-жегіне шыққан. 

Онда Дәулімбаев жапониялық Такума Отсумен кездесті. Қай жеңгені қола медаль алады. Кездесу барысында қазақстандық балуан қарсыласынан тоғыз ұпайға жеңіліп жатқан. Бірақ жекпе-жек аяқталуына бір минуттан аса уақыт қалғанда, Дәулімбаев жеңісті жұлып әкетті. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети