03 мамыр 2022 08:57

"Мен ешқашан үнсіз қалмаймын". Игита қазақстандық футзалдағы даудан кейін мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Instagram.com/leohiguita2 ©Instagram.com/leohiguita2

Футзалдан Қазақстан чемпионатындағы "Каспий" мен "Атырау" арасындағы матч кезінде дау шықты, кейінірек сол дау неден шыққаны анықталды. Футзалдан "Қайрат" клубының әрі Қазақстан құрамасының қақпашысы Игита бұл ойыннан кейін үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.


Футзалдан Қазақстан чемпионатындағы "Каспий" мен "Атырау" арасындағы матч кезінде дау шықты, кейінірек сол дау неден шыққаны анықталды. Футзалдан "Қайрат" клубының әрі Қазақстан құрамасының қақпашысы Игита бұл ойыннан кейін үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Матч 1 мамырда өткен. Ақтаудағы кездесу 5:3 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді. Екінші таймда "мұнайшылар" 2:1 есебімен жеңіп жатқан кезде жанжал шықты. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Футзал Казахстан 🇰🇿 (@futsalkazakhstan)

Кейінірек СпортРадар.kz Telegram-арнасы оқиғаның мән-жайын анықтапты.

Дереккөз "Каспий" МФК директоры Ержан Жаңбыровпен хабарласып, мынадай пікірін алған:

"Бірден айтайын: жанкүйерлердің еш қатысы жоқ. Жаппай төбелес шығарғандардың бірі - біздің клубтың қызметкері, ол бірінші жұмыс күні-ақ жұмыстан шығарылады. 

Бірақ мен мынаған назар аудартқым келеді. Ойын басында біздің әкімшіге матч төрешілерінің бірі Аслан Галаев келген. Ол белгілі бір сыйақыға сапалы төрелік жасаймын деп ашық айтқан. Неткен бетсіздік! Мұндай ойын ойнамаймыз, бірақ үндемей де отыра алмаймыз! Дәл осы арбитрлер ойынды бүлдірді деп ойлаймын, сондықтан жанжал шықты. 

Тағы бір мәселе. Біз неге бүгін бақылау тәртіп комиссиясының шешімінсіз "Атыраумен" қайталап көрерменсіз ойын өткіздік?" - деді Жаңбыров.

Дереккөз мәліметінше, федерация өкілдері алдағы уақытта ресми жауап берілетінін хабарлаған.

"Біз пікірін сұрау үшін арбитр Аслан Галаевпен де байланысқа шықтық. Бірақ арбитр пікір білдіруден бас тартты", - деп жазған дереккөз.

Дереккөз мәліметінше, ойыншылар ғана емес, "Каспий" әкімшісі Нұржан Сұлтағазиев те, сондай-ақ, "Атырау" бапкері Жақсылық Байсариев те ескерту алған.

Осы даулы матчтан кейін "Қайрат" қақпашысы Игита мәлімдеме жасады.

"Мен осы елді әрдайым қорғаймын. Әлдене алаңдатса, ешқашан үнсіз қалмаймын... Біздің қазақстандық футзал жыл өткен сайын дамуы үшін күресіп келдім, күресті жалғастыра да беремін, футзалымыздың деңгейі қазір осындай жағдайға көтерілгеніне мен бақыттымын. Біз салған жолды бұзуға ешкімге де мүмкіндік бермеймін. Қазақстандық футзал өте үлкен, өзгелер ойлағаннан да үлкен! АЛҒА, ҚАЗАҚСТАН, біз әрқашан бірге боламыз!!! Бұл елді жақсы көремін!!" - деп жазды Игита.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети