Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Спорт

Министрлік өкілі қазақстандық мәнерлеп сырғанаушыға қатысты оқиғаға пікір білдірді 22 наурыз 2022, 13:37

Мәдениет және спорт министрлігі өкілі виза ала алмағаны үшін Францияда өтетін жарыстарға қатыспайтын қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Insragram: mikhail_shaidorov Insragram: mikhail_shaidorov

Мәдениет және спорт министрлігі өкілі виза ала алмағаны үшін Францияда өтетін жарыстарға қатыспайтын қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровке қатысты оқиғаға пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"21-27 наурыз аралығында Монпелье қаласында (Франция) мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты өтеді.

Михаил Шайдоров Сочиде тұрады, өйткені ол Олимпиада чемпионы Алексей Евгеньевич Урмановпен бірге жаттығады. Ал виза құжаттарын Мәскеуден тапсырған.

21 наурызда виза берілмейтіні туралы ресми хабарлама келді. Оған уақыт аз болғандықтан шағымдана алмайды. Михаил Шайдоров әлем чемпионатына қатыспайды", - деді министрлік өкілі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Urmanov Team (UTeam) (@urmanovteam)

Әлем чемпионатын өткізетін ел қазақстандық мәнерлеп сырғанаушыға виза беруден бас тартты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram