04 шілде 2016 15:59

Назарбаев Рио Олимпиадасына баратын спортшыларға тапсырма берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Назарбаев Рио Олимпиадасына баратын спортшыларға тапсырма берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мемлекет басшысы Олимпиада чемпиондарымен кездесті.


Назарбаев Рио Олимпиадасына баратын спортшыларға тапсырма берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мемлекет басшысы Олимпиада чемпиондарымен кездесті.

"Бүгінде қазақстандық спортшылар 38 спорт түрінің ішіндегі 26 ойыннан 100-ден аса лицензия алды. Мұның өзі жаман нәтиже емес. Бізде спортқа ерекше назар аударылды, мұны сіздер жақсы білесіздер. (...) Тәуелсіздігіміздің 25 жылында біз спортшылардың, әлем чемпиондарының шоғырын тәрбиелеп шығардық, олар ең быройлы халықаралық жарыстарда топ жарды. Барлығы қарапайым адамдар, көбісі ауылдан. Олар тырысып, мақсаттарына жетті. Әр адам өз жолын таңдайды, сіздер осы жолды таңдадыңыздар, сондықтан осындай жетістікке жетіп отырсыздар. Бүгінде сіздердің алдарыңызда спорттық жетістіктеріңізбен қазақстандық спорттың мүмкіндіктерін бүкіл әлемге дәлелдеулеріңіз керек. Жалпыкомандалық есепте барынша жоғары орын алуларыңыз қажет. Біз сіздерден осыны күтеміз. Олимпиада ойындарына қатысу үшін сіздерге барлық жағдай жасалды. Сондықтан сіздердің дайындық деңгейлеріңіз жақсы болды деген үміттемін. Құрметті Олимпиада қатысушылары спорттық тартысқа бар жан-тәндеріңізді салуға шақырамын. Мұны сіздер менен де жақсы білесіздер, бірақ мен сонда да қайталап айтқым келеді", - деді спортшылармен кездесуде Назарбаев.

Президентпен өткен кездесуде Ольга Рыпакова, Әділбек Ниязымбетов, Иван Дычко, Гүзел Манюрова, Нижан Рахимов пен Александр Зайчиков болды.

Сонымен қатар, шараға Данияр Елеусінов, Жәнібек Әлімханұлы, Қайрат Ералиев, Берік Әбдірахманов, Жайна Шекербаева, Василий Левит, Дариға Шәкімова, Олжас Сәттібаев, Біржан Жақыпов, Абылайхан Жүсіпов шақырылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети