26 тамыз 2019 09:34

Нурмагомедов қан-жоса болады, уәде беремін - Дастин Порье

ПОДЕЛИТЬСЯ

Хабиб Нурмагомедов пен Дастин Порье © globallookpress.com Хабиб Нурмагомедов пен Дастин Порье © globallookpress.com

Жеңіл салмақта UFC-дің уақытша чемпионы және Хабиб Нурмагомедовтің алдағы қарсыласы Дастин Порье ресейлік файтерді қан-жоса қылып сабауға уәде берді, - деп хабарлайды РИА Новости.


Жеңіл салмақта UFC-дің уақытша чемпионы және Хабиб Нурмагомедовтің алдағы қарсыласы Дастин Порье ресейлік файтерді қан-жоса қылып сабауға уәде берді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Америкалықтың сөзінше, ол кез келген қарсыласқа қиындық туғыза алады. 

"Әлемдегі кез келген адамды қинай аламын. Уәде беремін, ол қан-жоса болады. Қолымнан не келетінін білемін. Оны қорқынышты біреу деп айтпас едім. Бірақ оның партердегі жұмысы, тейкдаун жасауы - мен төбелескендердің ішіндегі ең үздігі", - деді Порье MMAFighting-ге берген сұхбатында. 

Айта кетсек, жеңіл салмақта UFC чемпионы титулы сарапқа салынатын Нурмагомедов пен Порье жекпе-жегі 7 қыркүйекте Әбу-Дабиде өтеді. 

Америкалық файтердің еншісінде 25 жеңіс пен 5 жеңіліс бар, ал ресейлік спортшы өзі шыққан 27 жекпе-жектің бәрін жеңіспен аяқтаған. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети