14 мамыр 2019 13:56

Өмірзақ Шөкеев әлемді бағындырған түркістандық спортшыларға құрмет көрсетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев еліміздің абыройын асқақтатып жүрген жеңімпаз спортшылар мен олардың бапкерлерімен кездесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев еліміздің абыройын асқақтатып жүрген жеңімпаз спортшылар мен олардың бапкерлерімен кездесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Олардың қатарында бокстан ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы Мырзағали Айтжанов, Тоғызқұмалақтан ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы Камила Көпбаева, бокстан ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия чемпионы Бек Нұрмағанбет, Тоғызқұмалақтан ҚР еңбегі сіңген спорт шебері Әсел Далиева, Тоғызқұмалақтан ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Әлем чемпионы Лина Каримова және тоғызқұмалақтан спорт шебері, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Саят Жандарбек бар. 

"Биыл сәуір айында Түркияның Анталия қаласында өткен Әлем чемпионатында тоғызқұмалақтан жарысқа түскен жерлестеріміз сәтті өнер көрсете білді. Жиырмаға жуық елден спортшылар қатысқан дүбірлі бәсекеде Түркістан облысының спортшылары 2 алтын және 2 күміс медальға қол жеткізді. Атап айтсақ, Әсел Дәлиева бір алтын және бір күміс медальға иелік етсе, Лина Каримова да ел қоржынына алтын жүлде салды. Ал Жандарбек Саят күміс медальды жеңіп алды. Осылайша, облысымыздың 2 өрені әлем чемпионы атанып отыр", - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар Тайландтың Банкок қаласында ұйымдастырылған  бокстан ересектер арасындағы Азия чемпионатында түркістандық Бек Нұрмағанбет жеңімпаз атанған болатын.

Облыс әкімі Өмірзақ Естайұлы елдің абыройын асқақтатқан спортшылар мен білікті жаттықтырушыларға құрмет көрсетіп, сый-сыяпат жасады. Спортшылар қауымы өңір басшысына ризашылықтарын білдіріп, алдағы байрақты бәсекелерде жеңісті жолды жалғастыруға күш салатындарын жеткізді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети