09 ақпан 2014 12:20

Полторанин мен Хрусталев Олимпиаданың екінші күні өнер көрсетеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сочидегі бәске медаль тігілген күн де тақап қалды. Нақтырақ айтсақ, олимпиаданың екінші күні сегіз марапат иесін таппақ. "Бір күнде мұндай көп төсбелгі жарыстың басқа күндері берілмейді екен" деп жазған Tengrinews.kz Vesti.kz-тың ақпаратына жүгініп отыр. Шаңғышылар арасындағы жарысты бірінші болып бастау ерлерге бұйырды. Бұл күні Қазақстаннан Игорь Закурдаев, Дмитрий Кошкин мен Мартин Хубер өнер көрсететін болады. KazSport телеарнасындағы тікелей эфирдің сағат 13.00-де басталатынын ескерте кетсек дейміз. Биатлоншылардың медалға таласы сағат 20.15 басталады. 7.5 шақырымдық спринтте жарысқа түсетін біздің қыздарымыз Елена Хрусталева, Галина Вишневская, Дарья Усанова, Марина Лебедева және Алина Райковалар сақадай сай тұр. Сочидегі қысқы ойындар жарысындағы шаңғышылардың 30 шақырымдық скиатлон (15 конькилік жүріс, 15 классикалық) бойынша да сайысқа түсетін күні - Олимпиаданың екенші күні. Жіберіп алмаңыздар. Жарыстың бұл түрі бойынша еліміздің құрамасында Алексей Полторанин, Николай Чеботько және Марк Старостиндер бар. Басталатын уақыты: 15.45. Айта кетейік, медальға үміттілер арасында трамплиннен секіретін спортшылар жарысы да бүгін болмақ. Сонымен қатар, әйелдер арасындағы коньки жарысы да осы күнге белгіленіпті. Олар 3000 метр қашықтықта жарыспақ. Ал сноубордшылар арасында слоупстайлдан финал өтеді. Фигуристер сайысты командалық жарыспен аяқтайды деп хабарлайды Vesti.kz. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның құрамасы Сочи Олимпиадасында 58 лицензия алған-ды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети