Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Расул Қалиев – еркін күрестен Азия чемпионы

23 Сәуір 2014, 20:54
0
Фото confederation.kz сайтынан алынды
Фото confederation.kz сайтынан алынды

Осыдан бірер минут бұрын қазақтың талантты балуаны Расул Қалиев финалда моңғол балуанын ұтып, еркін күрестен Азия чемпионы атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Күрес түрлерінен Астанадағы "Дәулет" спорт кешенінде көрермендерді қызыққа бөлеп жатқан Азия чемпионатында дәл қазір ақтық белдесулер өтуде. Еркін күрестен 57 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Расул Қалиев Моңғолия балуаны Дамдинбазар Цогтбахтхрмен белдесіп, 10:4 есебімен жеңіске жетті.

Бұл жеңіс Расулға оңайлықпен келген жоқ. Басында екі ұпай айырмасымен ұтылып жатып, шыбын жанды шүберекке түюге тура келді. Расул бар күш-жігерін салып, жеңіске деген жігерліліктің үлгісін көрсете білді. Басқаша болуы мүмкін емес еді! Расул өз жерімізде, өз көрермендеріміздің алдында сенімді ақтап шықты.

Екінші кезеңде қарсыласын аяғынан ұстап, шалып жығып та, боз кілемге шыр айналдырып та, ұпай қорын молайтты. Сөйтіп, Азияның саф алтынын өңірінде жарқыратты.

Естеріңізге сала кетейік, күндіз ол тәжік Вайсидин Иботовтан басым түскен-ді. Содан кейінгі қарсыласы, үндістандық Амит Кумар жарақатына байланысты кілемге шықпай, келесі кезеңге күреспей шыққан. Жартылай финалда қырғыз Самат Надырбекұлын жеңіп, финалға шыққан болатын.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай