01 шілде 2014 14:31

Руслан Әбдіразақов "Қайсар" футболшыларымен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

"Қазақстан Барысының" қола белбеу иегері Руслан Әбдіразақов "Қайсар" футбол клубының ойыншыларымен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


"Қазақстан Барысының" қола белбеу иегері Руслан Әбдіразақов "Қайсар" футбол клубының ойыншыларымен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Қайсар" футбол клубының базасында өткен кездесуде "Сыр барысы" футболшыларға чемпионаттың алдағы ойындарына сәттілік тілеп, 5 шілде күні өзі үшін Семейдің "Спартагынан" қарымта қайтарып беруін тіледі. Еске сала кетейік, Руслан Әбдіразақов "Қазақстан Барысының" жартылай финалында семейлік балуан Мұхит Тұрсыновтан жеңілген болатын.

Бұл белдесу барысында Руслан әдіс қолданып, қарсыласын лақтырып жібергендей көрінген. Бірақ бейнеқайталауда қызылордалық апайтөстің аяғы кілем шеңберінен шығып кеткені байқалды. Сондықтан да ол Мұхиттан жеңіліп қалған еді.  Ал үшінші орын үшін өткен жекпе-жекте Әбдразақов жамбылдық "Тараз арланы" Дәулетхан Жақыповты жеңді. Оның алдында "Сыр барысы" өткен жылғы "Қазақстан Барысы" семейлік Айбек Нұғымаровты бір минутқа жеткізбей жеңген болатын.

"Осыдан бірнеше жыл бұрын "Қайсардың" халі нашар болатын. Қазір байқап тұрмын, клуб аяғынан мықтап тұрған. Чемпионатта жоғары сатыларда келеді. Осы қарқындарыңыздан қайтпайсыздар деп үміттенемін. Келесі жылы мен "Қазақстан Барысы" атануға уәде беремін, ал сіздер Премьер-лигада жүлдегер атануға уәде беріңіздер!, - деді "Қазақстан Барысының" қола белбеу иегері.

Өз кезегінде "Қайсар" командасының атынан сөз алған клубтың бас бапкері Дмитрий Огай Руслан Әбдіразақовқа "Қайсардың" естелік сыйлығын табыстап, командаға кімнен үлгі алу керектігін айтты.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети