25 шілде 2018 09:12

Серік Сәпиев спортшыларға жеке күзетші беруге қатысты пікірін білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Instagram.com/serik_sapiyev © Instagram.com/serik_sapiyev

Олимпиада чемпионы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік Сәпиев қазақстандық спортшыларды жеке күзетшімен қамтамасыз ету мәселесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Олимпиада чемпионы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік Сәпиев қазақстандық спортшыларды жеке күзетшімен қамтамасыз ету мәселесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жалпы осы мәселені көтеретін болсақ, бастапқыда оны талқылап алу керек. Тіпті Үкімет мүшесіндегілердің жеке күзеті жоқ. Бұл мәселе спортшылардың менеджерлері мен федерациясына қатысты. Федерация спортшыға күзетші беретін болса, берсін. Бекзат Саттархановпен, Ермек Серіковпен түрлі жағдайлар болды. Ал Денис Тенмен тіпті сұмдық жағдай болды", - деді Серік Сәпиев.

Сондай-ақ, спортшы өзіне жеке күзетші алуға қатысты ойын айтты.

"Жоқ, маған күзетші керек емес. Өз қамымды өзім жасай аламын немесе достарым бар. Осы уақыт бойы маған ешқандай қауіп төнген емес", - деді Сәпиев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети