29 шілде 2021 17:50

Серік Сәпиев Токио Олимпиадасындағы төрешілерге баға берді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы, бокстан 2012 жылғы Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Токио Олимпиадасындағы төрешілерге баға берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы, бокстан 2012 жылғы Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Токио Олимпиадасындағы төрешілерге баға берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұл жерде төрешілер барынша объективті болды. Судьялар қандай да бір соққыларды, әрекеттерді отырған бұрышынан байқамай қалатын сәттер болады. Бірақ егер спортшы сенімді жеңіске жетсе, онда ешқандай сұрақ болмауы керек. Менің ойымша, бұл жерде төрешілер шешімі барынша объективті болды. Иә, раундты қандай да бір себеппен бір жақтың пайдасына шешуге болатын сәттер бар. Бірақ жалпы алғанда тең болды. Яғни, бір боксшының жолы болды деген сөз. Егер жекпе-жекте сенімді жеңіске жетсе, онда сөзсіз жеңісті берер еді", - деді Сәпиев ОКҚ онлайн-брифингінде.

Серік Сәпиев қазақстандық боксшыларда тағы үш-төрт медаль алуға мүмкіндік барын айтты.

"Мен үш медальды, мүмкін төрт медальды ұтып алуға мүмкіндігіміз бар дер едім. Қалған боксшылардың бәрі медаль ала алады. Біз әрқайсына үміт артамыз, қарсыластарымызды талдаймыз. Әрі қарай бәрі боксшылардың өнеріне байланысты. Бәрін жасап, дайындалдық", - деді ол.

Бұған дейін қазақстандық боксшылар Серік Теміржанов (57 келіге дейін), Абылайхан Жүсіпов (69), Бекзад Нұрдәулетов пен Василий Левит (91) жарыстан шығып қалған болатын. Әйелдер арасындағы Олимпиададағы Қазақстанның жалғыз өкілі Надежда Рябец (75 келіге дейін) алғашқы жекпе-жегінде канадалық Тамара Тиболттан жеңіліп қалды.

Токиода Қазақстан құрамасы сапында Сәкен Бибосынов (52), Закир Сафиуллин (63), Әбілхан Аманқұл (75) және Қамшыбек Күнқабаев (+91) қалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети