1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Спорт

Шетелге шығуға мүмкіндік беруді сұраймын - Хамитов сотта соңғы сөзін айтты 28 қаңтар 2021, 10:26

Аралас жекпе-жек файтері Қуат Хамитов сотта соңғы сөзін айтты. Қылмыстық істі Алмалы аудандық соты қарастырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz
Фото:instagram.com/kuat__khamitov Фото:instagram.com/kuat__khamitov

Аралас жекпе-жек файтері Қуат Хамитов сотта соңғы сөзін айтты. Қылмыстық істі Алмалы аудандық соты қарастырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қандай жаза тағайындалса да мен шетелге шығуға мүмкіндік беруді сұраймын, себебі мен елімнің намысын қорғаймын", - деді Қуат Хамитов. 

Бұған дейін Хамитовке қатысты сот отырысы 18 қаңтарда өткен болатын. 

"Алмалы аудандық сотында ҚР ҚК-нің 272-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен Қ.Хамитовке қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр", - делінген сот хабарламасында.

Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің 272-бабының 3-бөлігі - "Билік өкiлдерiнiң заңды талаптарына белсенді түрде бағынбауға және жаппай тәртiпсiздiкке шақыру не жаппай тәртіпсіздікке арандату, сол сияқты азаматтарға зорлық-зомбылық жасауға шақыру" санкциясы үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Еске салайық, өткен жылдың қыркүйегінде спортшы тікұшақтарды атуға және дезинфекторларды ұруға шақырған болатын. Ал 20 қаңтарда Қуат Хамитов Интернетке қосыла алмай, сот отырысы кейінге қалған еді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!