20 қаңтар 2021 12:04

Қуат Хамитов Интернетке қосыла алмай, сот отырысы кейінге қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қуат Хамитов. Видео кадры Қуат Хамитов. Видео кадры

Аралас жекпе-жек файтері Қуат Хамитовтің соты кейінге қалды. Адвокат Хамитовтің интернеті нашар болуына байланысты процесті кейінге қалдыруды сұрады. Ол Қуат Хамитовтың Интернетке қосыла алмайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Аралас жекпе-жек файтері Қуат Хамитовтің соты кейінге қалды. Адвокат Хамитовтің интернеті нашар болуына байланысты процесті кейінге қалдыруды сұрады. Ол Қуат Хамитовтың Интернетке қосыла алмайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, сот Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында онлайн режимде өтіп жатыр. Қуат Хамитовтің өзі отырысқа қатысқан жоқ.

Адвокат интернет нашар болғандықтан процесті кейінге қалдыруды сұрады.

 
"Өте нашар байланыс, судья мырза. Хамитов қосыла алмады", - деді адвокат.

Прокурор бұл процесті басты күдіктінің қатысуынсыз жүргізуге болмайтынын айтып келісті.

Нәтижесінде отырыс кейінге қалдырылды. Келесі отырыстың қашан өтетіні әзірше белгісіз.

Еске салайық, мұның алдында Алматыда Қуат Хамитовтің соты өтіп жатқаны хабарланған болатын.

"Алмалы аудандық сотында ҚР ҚК-нің 272-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген күдікпен Қ.Хамитовке қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр", - делінген еді сот хабарламасында.

Еске салайық, өткен жылдың қыркүйек айында спортшы тікұшақтарды атуға және дезинфекторларды ұруға шақырған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети