Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Спортты шоу-бизнеспен алмастырған қазақстандықтар

08 Желтоқсан 2014, 20:09
0
Big Som (Самсон Аракелян) ©Vesti.kz
Big Som (Самсон Аракелян) ©Vesti.kz

Vesti.kz шоу-бизнестен бұрын карьерасын спорттан бастаған, тіпті, онда белгілі бір жетістіктерге жеткен қазақстандық танымал адамдардың тізімін жасады. Кәсіпқой спортшылардың шоу-бизнеске кеткен, керісінше, шоу-бизнестен соң спортқа оралған адамдардың хикаялары жиі кездеседі.

Айталық, жуырда "Қазақстан аруы" атанған Регина Вандышева - бұрынғы жеңілатлет. Ол бұрын спорттың осы түрінен Қазақстан чемпионатының жүлдегері болған.

Кейін ол спорттан шоу-бизнеске баруды ұйғарады. Ол өз жолын подиумнан бастайды, кейін "Қазақстан аруы" байқауына қатысады. Енді ол "Әлем аруы" сынында ел намысын қорғайды.

Анна Алябьева

Азия ойындарының екі дүркін чемпионы Лондон Олимпиадасынан соң карьерасын аяқтауды ұйғарады. Кейін ол спорт жаңалықтары тележүргізушісі атанды. Қазір оған түрлі шараларды жүргізуге ұсыныстар келіп жатады.

Big Som (Самсон Аракелян)

Қазақстанның белгілі хип-хоп орындаушысы бала кезінен бері баскетболмен айналысады. Бір кездері ол Ақтаудағы "Каспий" баскетбол клубында жаттықты, бірнеше жылдан соң өз командасы үшін Қазақстанның Жоғарғы лигасында тұтас маусым өткізді. Қазір ол өзінің сүйікті спортын дамытуға көмектесіп жүр. Аракелян Ұлттық баскетбол федерациясының Маңғыстау облысы бойынша филиалын басқарады. 

Асылхан Төлепов

"Жаужүрек мың бала" фильмінің жұлдызы киноға түсу үшін талабы қатал кастингтен өткен болатын. Шоу-бизнеске дейін ол таэквондо турнирлеріне қатысып, қара белбеуге дейін барған. Айта кетейік, осы жаттығулары оған батыр ролін және бокстан 2000 жылғы Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтың ролін сомдауға көмектесті. 

Дастан Оразбеков

"Орда" тобының мүшесі әрі актер бала кезінен ән айтып, би билейді. Ол күреспен, бокспен, бодибилдингпен де айналысқан. Оның спортшы атануы әбден мүмкін еді, бірақ жігіт музыканы таңдады. Спорттағы жетістіктерінің арқасында ол "Чемпион" жобасында өз салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаз атанды. 

Абдулкарим Каримов

 

Қазақстан әншісі шоу-бизнеске келгенге дейін "Қайрат", "Жетісу", "Каспий" және "Қазақмыс" спорт клубтарында қақпашы болды. Бірінші және Жоғарғы лигаларда ойнады. Кейін X Factor Kazakhstan жобасының алғашқы маусымының кастингіне қатысып, финалға дейін барды. Жобадан кейін көпке танылып, әнші болуға шындап ден қойды. 

Әлішер Егембердиев

 

 

Қазақстанның тұңғыш "Жұлдыздар фабрикасының" жеңімпазы әрі The Jigits тобының мүшесі Әлішер Егембердиев шоу-бизнеске келгенге дейін кикбоксингтен жастар арасындағы Қазақстан чемпионатында бес рет, әлем чемпионатында екі рет жеңіп шыққан. Ол басында әншілікті хобби ретінде қарастырды. "Жұлдыздар фабрикасынан" соң музыкаға кәсіби тұрғыдан ден қоя бастады.  


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай