21 қараша 2021 15:45

Срджан Благоевич "Астана" ФК бас бапкері болды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: aladop.kz Фото: aladop.kz

Срджан Благоевич "Астана" ФК бас бапкері болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі команданың ресми сайтына сілтеме жасап.


Срджан Благоевич "Астана" ФК бас бапкері болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі команданың ресми сайтына сілтеме жасап.

"Благоевич өз елінде түрлі клубтарды жаттықтырған және мол тәжірибеге ие. Жұмыс істеген соңғы командасы ақтаулық "Каспий", бұл команданың тізгінін екі жыл ұстап, ұжымды жоғары деңгейге шығара алды.

Аталмыш маманмен келісім екі жылға жарамды. "Астана" футбол клубының ұжымы жаңа бапкердің келгеніне қуанышты және елорда командасындағы жұмысында сәттілік пен үлкен жеңістер тілейді", - делінген сайтта.

Бұған дейін Андрей Тихоновтың "Астананың" бас бапкері қызметінен кеткені хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети