24 тамыз 2022 12:00

"Super Bol" VS "Жеңіс": әлемнің түкпір-түкпірінен келген 60 скаут, Ninety One, үздік халықаралық төрешілердің бірі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Демалыс күндері "Астана Аренада" "Super Bol" жобасының финалы өтті, онда Қазақстанның түкпір-түкпірінен іріктелген жас таланттар аты аңызға айналған елордалық "Жеңіс" клубының кәсіпқойларына қарсы бірікті.


Демалыс күндері "Астана Аренада" "Super Bol" жобасының финалы өтті, онда Қазақстанның түкпір-түкпірінен іріктелген жас таланттар аты аңызға айналған елордалық "Жеңіс" клубының кәсіпқойларына қарсы бірікті.

Командалар негізгі уақытта тең ойнады (2:2) және "Super Bol" пенальти сериясында (5:6) жарқын жеңіске жетті. Жанкүйерлер керемет эмоцияларға ие болды, алаңда бәсекелестік пен қарсыласу рухы орнады. Айта кетейік, жобаның серіктесі спорт эмоцияларының бас демеушісі - 1XBET компаниясы болды.

"Біз суперболдықтарды жеңіспен құттықтаймыз! 1XBET басты миссияларының бірі елде спортты дамыту және біздің спортшыларды қолдау болып табылады. Біз осы бастаманың бір бөлігі болып, жобаның демеушілері болғанымызға қуаныштымыз. Super Bol -  жаңа таланттар үшін керемет мектеп! Жас футболшылар өз жолдарын жалғастырып, қазақстандық футболға жаңа дем әкеледі деп үміттенеміз", - деді компания өкілдері.

Ойынды 60-тан астам скауттар тамашалады, олардың арасында  "Челси"‎ техникалық директоры Клод Макелеле, италиялық  "Торино"‎ және мәскеулік  "Спартак"‎ мамандары, сондай-ақ Қазақстан Премьер-лигасының барлық дерлік клубтарының өкілдері болды. Нәтижесінде үш ойыншы кәсіби клубтардан ұсыныс алды. Олар шабуылдаушы жартылай қорғаушы Әлібек Жардемов "Ақтөбемен"‎ келісімшартқа қол қояды,  "Ақсу"‎ қорғаушы Жақсылық Кенжебаевты өзіне алады және "Мақтаарал"‎ команда капитаны, шабуылшы Дунайбек Аянханға ұсыныс тастады.

 "Менің Челсидегі жұмысым - жас таланттарды байқау және оларға мансап құруға мүмкіндік беру. Сондықтан да мен ұсынысты қуана қабылдадым және осы матчқа Қазақстанға келдім. Сондай-ақ, мен осындай жобаның тірі үлгісі екенімді атап өткім келеді. Бір кездері мені де байқап, кәсіби футбол әлеміне жетелеген болатын"‎, - деп Qazsport журналисіне Клод Макелеле  жоба туралы пікірімен бөлісті.

Ойын тосын сыйларға толы болды:  "Super Bol"‎ есепті бірінші болып ашты - 32-минутта Әлібек Жәрдемов гол соқты. Кейін "Жеңістен"‎ Саян Мұқанов (81-ші, 84-ші минутта) дубль жасап, елордалық клубты алға шығарды. 90-минутта Дунайбек Аянхан есепті теңестірді.

Финалдың көрермендерін тек жарқын матч қана емес, сонымен қатар танымал Ninety One тобының қатысуымен шоу-бағдарлама күтіп тұрды. Балалар жанкүйерлер тобына арнап өз хиттерін орындады.

"Ең бастысы бүгін көрермендер сапалы футболды көрді. Біз келген барлық жанкүйерлерге алғыс айтамыз. Бұл матч, әрине, жолдастық кездесу болды, сондықтан біз бірден тең шот болмайды деп шештік, осылайша соңында пенальти ойнаттық. Біз үшін ең маңыздысы - бұл матчқа әлемнің түкпір-түкпірінен скауттар келіп те, онлайн қатысып та командалар ойынын тамашалағаны. Бізде жақсы ұсыныстар бар, менің ойымша, шақырулар көп болады, өйткені матч алдағы күндері әлі бағаланады"‎,  - деді Дэвид Лория, "Super Bol" жобасының бас менеджері.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық футболды дамыту бойынша "Super Bol"  жобасы аясында финалға еліміздің әр өңірінен 25 ойыншы өтті. Олар Қазақстанның үздік кәсіби командаларымен ойнап, керемет нәтижелер көрсетті.

Ұжымға табыс және жарқын жеңістер тілейміз! Спорт эмоцияларының бас демеушісі - 1XBET-пен бірге отандық футболды қолдайық!

Жарнамалық материал
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети