13 қыркүйек 2014 11:34

Ташкент кілемінен жүлде әлі бұйырмай тұр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото wrestling.kz сайтынан Фото wrestling.kz сайтынан

Күрес түрлерінен Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан балуандарының бағы жанар емес, - деп жазады Tengrinews.kz.


Күрес түрлерінен Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан балуандарының бағы жанар емес, - деп жазады Tengrinews.kz.

Әйелдер арасындағы әлем біріншілігі кеше 63 келідегі белдесулермен аяқталды. Біздің елдің намысын қорғаған Ольга Калинина да алдыңғы жеті салмақтағы қыздарымыздың сәтсіздіктерін қайталап, алғашқы белдесуінде-ақ Италия аруы Далма Каневадан ойсырай ұтылды. Есеп – 1:10. Сөйтіп, Ольга өз салмағындағы 25 қыздың ішінде 22-орынмен шектелді.

Ең өкініштісі, Гузель Манюрова жаттықтыратын әйелдер арасындағы құрамамыз әлем чемпионатының жалпыкомандалық есебінде бірде-бір ұпай еншілей алмай, күресі аса дамымаған бірнеше елдің балуандарымен көш соңында қалды...

Дәл осы күні грек-рим күресі шеберлері арасындағы белдесулер басталып, екі салмақ дәрежесіндегі жүлделі орындар сарапқа салынды. 75 келіде белдескен Рашид Кочиев алғашқы айналымда Венсуэла балуаны Хосе Ковадан 0:5 есебімен ұтылды. Ал 85 келіде сынға түскен Андрей Самохин де бірінші белдесуінде Қытай жігіті Лианг Конгуге 1:3 есебімен есе жіберіп алды.

Бүгін грек-рим күресінен 66, 80 және 130 келі салмақ дәрежелеріндегі балуандар өз бақтарын сынайды. Біздің елдің намысын Айбек Еңсеханов, Даниял Гаджиев және Нұрмахан Тынәлиев қорғайды. Сондықтан ел қоржынына жүлде түссе, бүгін түсер деп отырмыз.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети