24 ақпан 2014 12:33

Тен ешкім жасап көрмеген элементтерді орындамақ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денис Тен. ©REUTERS Денис Тен. ©REUTERS

Олимпиаданың қола жүлдегері Денис Тен алдағы уақытта мәнерлеп сырғанауда бұрын-соңды ешкім жасамаған әдістерді орындамақшы деп хабарлайды Vesti.kz. Қазақстандық спортшы бүгінде күрделі саналатын қарғуларды, атап айтқанда, төрт есе артық тулуп пен аксельді орындайды. Бірақ Тен мұнымен шектелмейін деп отыр. Бүгін әуежайда журналистермен кездескен сәтінде ол әлемде бұрын-соңды ешбір мәнерлеп сырғанаушы орындамаған амалдарға эксперимент жасауға дайын екенін айтты. "Барлық қарғуларды төрт есе айналып орындауға болады деп ойлаймын - ешкім жасап көрмеген төрт еселенген флип, төрт еселенген риттбергер. Осындай секірулерді үйренуге кіріскім келеді. Бапкерім стратег әрі реалист. Бұл жарақат алу қаупі жоғары жаттығу болғандықтан биыл бізде жаңа секірулерді зерттеп білуге мүмкіндік болмады. Бірақ оларды келесі маусымда жасап көреміз. Жаттығуға келген кезде оны ақылдасатын боламыз", - деді Денис Тен. Мәнерлеп сырғанаушы жарақаттары өзін әркез мазалайтынын жасырмады. "Биыл қиын жыл болды. Мен ауыртпалыққа қарамай жүруді үйрендім. Жарыстарды бастар алдында көп кедергі болды. Дегенмен бәрі жақсылықпен аяқталды", - дейді спортшы. Бұған дейін біз Денис Тен өзінің наурыз айындағы әлем чемпионатына қатысу-қатыспауын бапкерімен ақылдасып барып шешетінін хабарлаған болатынбыз. Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері өзін әуежайда қарсы алған барлық жанкүйеріне алғысын айтқан еді. Сонымен бірге, ұдайы қамқорлығы мен қолдауы үшін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа ерекше ризашылығын білдірді. "Нұрсұлтан Әбішұлының өсиеті әрқашан менің санамда болған", - деді спортшы. Еске сала кетейік, Сочиде өткен XXII Қысқы Олимпиада ойындары 23 ақпан күні салтанатты жағдайда жабылған болатын. Қазақстан құрамасы бұл ойындарда бір ғана қола медальмен 26-орынды иеленді. Жалғыз медальдің иегері - мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети