27 шілде 2021 10:01

Токио Олимпиадасы: Дидар Хамза алғашқы жекпе-жегінде жеңілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: olympic.kz Фото: olympic.kz

Қазақстандық дзюдошы Дидар Хамза Токиодағы Олимпиада ойындарының келесі кезеңіне шыға алмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық дзюдошы Дидар Хамза Токиодағы Олимпиада ойындарының келесі кезеңіне шыға алмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алғашқы кезеңде қазақстандық спортшы Моңғолия өкілі Саид Моллаимен кездесті. Хамза қарсыласына "иппон" ұпайымен есе жіберді. 

Дидар Хамза Түркістан қаласында туған. Жасы - 24-те. Хамза 2018 жылғы Азия ойындарында алтын медаль иеленген. 2016 жылы Азия чемпионатында күміс медаль таққан. Сол жылы Риодағы Олимпиада ойындарына қатысып, екінші кезеңде жеңілген болатын. 

Айта кетейік, қазір Қазақстан қоржынында үш медаль бар. Дзюдошы Елдос Сметов, ауыратлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло қола медаль иеленген болатын.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети